Цвет сайта

A

a

 

2003 жылы облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакцияларын біріктіру арқылы «Жайық Пресс» облыстық коммуналдық кәсіпорны құрылды.

2006 жылдың наурыз айында кәсіпорын «Жайық Пресс» ЖШС болып қайта құрылды. Серіктестіктің құрылтайшысы – БҚО әкімдігі. 2009 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен «Жайық Пресске» дербес ғимарат берілді. 2012 жылдан бастап он екі аудандық газет кәсіпорынға қайтадан біріктірілді.

Қазіргі таңда «Жайық Пресс» өңірдегі барлық жаңалықты ел көлеміне түрлі форматта тарататын медиахолдингке айналды.

Аймақ жаңалықтарын дер кезінде облыстық, республикалық деңгейде тарату мақсатында «Ақпарат орталығы» бөлімі ашылды. Сол орталықтың Сіз оқып отырған сайты арқылы облысымыздың күнделікті тыныс-тіршілігі, барлық оқиғалары мақала, видео, аудио, фоторепортаж түрінде шұғыл таралуда.

Бүгінде «Жайық Пресстің» 12 аудандағы филиалы ауыл-аймақтың жаңалығын «Ақпарат орталығы» арқылы күнделікті ел көлеміне таратып отыр. Қос облыстық газет – «Орал өңірі» мен «Приуральенің», барлық аудандық газеттің де жеке сайттары іске қосылды. Барлығы да әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеуде.