Цвет сайта

A

a

Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының
«Сенім телефоны»
8 (7112) 51-15-80  

Сенім телефонының жұмыс регламенті:

1. Өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыс тұрғындарының өтініш жүгінулеріне қабылдау мақсатында Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының 8 (7112) 51-15-80 сенім телефоны ұйымдастырылған.

2. Сондай-ақ, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекетіне шағым жасай аласыз.

3. Сенім телефонының жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі

4. Сенім телефоны бойынша азаматтардың барлық жүгінулері бекітілген нысан бойынша өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі.

5. Өтініштерге талдау ай сайын жүргізіледі. Мақсаты - басқарма қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін орындау барысындағы жағымсыз әрекеттерін болдырмау және жолын кесу болып табылады.

Сенім телефоны бойынша өтініштер, ұсыныстар, арыз-шағымдар қабылданады. Осыдан басқа, басқарманың құзыреті шегінде кеңестер беріледі.  Әр бір Сіздің хабарламаңыз маңызды және ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуде септігін тигізеді.